Ақтөбеде үш бала суға батып кетті

Ақтөбе облысында 4 және 5 жастағы үш ұл бала суға батып кетті, depti «Астана» телеарнасы.

Екі ағайынды достарымен ауылдан бір шақырым жердегі өзенге барады. Суға түскен балалардың бірі бата бастағанда қалғандары оны шығарып алмаққа ұмтылады. Бірақ күштері жетпеген. Балалардың ең үлкені көмек сұрап ауылға жүгіреді. Алайда үлкендер жеткенде бәрі тым кеш еді.

«Хабарлама алған бойда бөлімше қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Келген кезде төрт баланың су қоймасы жағасында ересектердің қарауынсыз ойнағаны анықталды. Үш бала суға батып кеткен» деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқармасының бастығы Нұрлыбек Айжарықов.

Exit mobile version