Бүгін сағат 10:25 те ИИС ЦОН базасында техникалық ақаулар орын алды.
Әзірге базалар жасамай тұр. Ақаулар реттелмейінше ХҚО бөлімдеріне жүгінуді тоқтатқаныңыз дұрыс. Броньдап қойған уақытыңыз бойынша, сізге база қызметі тұрақталғаннан кейін тиісті қызметтер көрсетілетін болады. Халықтың көп шоғырланатын жерлеріне, індеттің таралмау мақсатында жиналмауыңызды сұраймын.
Сондай ақ, 2-тамыздан бері Ashyq қосымшасында да ақаулар туындап отыр. Ол бойынша ресми ақпаратты https://t.me/ashyqkz/137 телеграм желісі хабарлады.
Жағдай бойынша әлеуметтік желіде хабарлап отырамыз. Туындаған кемшіліктер үшін сіздерден кешірім сұраймыз.
Мұса Хайруллиев,
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ