Қазақстанда

Танымал телешоу сахнасында – Атырау тұрғындары

 Еуразия бірінші арнасында еліміздің 17 өлкесінен жиналған 17 топ өз қалаларының намысын қорғайтын «Superqala.kz» жобасы жалғасын тауып жатыр. Бұл «Лучший город KZ» бағдарламасының атауы өзгерген  үшініші маусымы. Осы сенбіде жарыс алаңына Атырау мен Павлодар қаласының топтары шығады.

Жоба шарты бойынша әртүрлі салада еңбек ететін әуесқой өнерпаздардан құралған жігіттер мен қыздар, белгілі бір ән аясында көрініс қойып бәсекеге түседі. Ал командалардың қабілет-қарымына қазақ өнеріне еңбегі сіңген майталмандар баға береді. Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық қарастырылған.

«Біздің сапымызда тек қана Атыраулықтар жиналған. Сондықтан туған қаламыз үшін барымызды саламыз. Қай-қайсымыз да өнерден құр алақан емеспіз. Алғашқы сыннан сүрінбейтінімізге сенім мол,» – депті топ мүшелері.

Жерлестеріміздің өнерін 1 ақпан күні жергілікті уақытпен 17:35-те тамашалай аласыздар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button