“Қазгидромет” РМК ресми сайты 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер болмайды, тек жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады.
16 маусымда еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ал Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күндіз 25-30 градусқа дейін, Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.