Қазақстанда

«Барыс» хоккей клубының 18 жастағы спортшысы өмірден озды

Ақпарат клубтың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды. 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталып, «Барыс» хоккей клубы қараша айында қайырымдылық шарасын өткізген болатын. 

«Ауыр сырқатпен 4 ай күрескен «Барыс» хоккей командасының жас қақпашысы өмірден өтті. Виленнің жасы небәрі 18-де болатын… Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға қайғыра көңіл айтамыз. Осы уақытқа дейін оны қолдап келген адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бақұл бол, Вилен», – депті «Барыс» хоккей клубы ресми парақшасында.  

Вилен Прокофьев Сәтпаев қаласында дүниеге келген. «Барыс» клубының құрамына 2013 жылы келді. Ең алғашқы ойынын 2017-2018 жылдары бастаған болатын. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button