Бір оқушыдан вирус табылса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі

1 оқушыдан коронавирус шықса бүкіл сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Егер бірінші сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағидада дәл осындай мәселе қарастырылған», – деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында. Министрдің атап өтуінше, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді.

***

«Ashyq жүйесімен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар бар. Бұл қосымшаны мектепте кім қолданады? Қолданушылар: қызметкерлер, мұғалімдер, ал балабақшаларда баланы алып келушілер болуы мүмкін. Бұл іс-шара ең алдымен үлкендерге бағытталған. Университеттерде студенттер тексеріледі. Әзірше оқушылар жайында сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Ересектерді қамту қажеттігін түсінеміз, әрі қарай да назарда ұстаймыз», – деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді. Ал білім алушының сыныптастары немесе студенттің бір топтағы курстастары толықтай қашықтан оқу форматына көшіріледі.

Exit mobile version