Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Бір шәкіртін зорлап, тағы екеуін қорлаған бапкер сотталды

1560516334 0 529 2696 2046 1920x0 80 0 0 2c78da8e662370043f81e4967e9db8b6

Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлап, тағы екеуін қорлаған таэквондо бапкері Диас Шалғымбаев сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желідегі парақшасында “Немолчи” қорының жетекішісі Дина Таңсәрі мәлім етті. Үш баланың әкесі, таэквондоға қатысқан қыздардың біреуін зорлап, қалған екеуіне қорлық көрсеткен. Ол сот шешімі бойынша жеті жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды.

“Қыздарға қорлық көрсеткен бапкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үш ата-ана арыз бергеніне қарамастан, жалғыз оқушымен жыныстық қатынасқа түскен деген шешім шығарылды. Осы уақыт бойы ол бостандықта болды. Сот үкімі шыққан күні сот залында қолына кісен салынды. Үкімге наразы бапкер әлі де аппеляцияға бермек” depti Дина Таңсәрі.

Exit mobile version