Site icon Ақпараттық-танымдық портал

“Дикий Арман” екі айға қамалды

news full164189668497c8306c7c2782c36067d9a1c0a11765

Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында “Дикий Арман” бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. “Дикий Арманды” ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.

“Stan.kz”

Exit mobile version