Site icon Ақпараттық-танымдық портал

«Дикий Арман» қамаудан босатылмайды

769383061165.9467 1

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін қолға түскен Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды, depti Azattyq Ruhy.

“3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты” деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстап, 4 сәуірде тергеу сотының қаулысымен оны қамау мерзімі екі айға ұзартылған еді. Кейін Бас прокуратура оның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын, сондай-ақ, ол құрған қылмыстық топтың тағы бес мүшесі қамауға алынғанын хабарлады.

Exit mobile version