Қазақстанда

ЕЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді.

Байқаудың бас жүлдесі Нұр-Сұлтанда қалды. Халықаралық бакалавриат мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева NIS жүйесіндегі 2020 жылдың үздік оқытушысы атанды.

Көкшетау НЗМ ағылшын тілі мұғалімі Камиля Рахымжанова бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға петропавлдық Дина Құдабаева лайық деп танылды, ал үздік үштікті ақтөбелік Мират Оспанов еншіледі.

 «Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің жоғарылағанын және нәтижелерді қорытындылау кезінде ұпай айырмашылығы аз болды» – depti қазылар алқасының төрайымы Светлана Испусинова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button