FUN TIME: Атыраулық жастар референдумдағы ең үлкен өзгерістерді атады

by Depti
0 views

Атырау қаласындағы Н. Тлендиев атындағы кіші өнер академиясында FUN TIME жобасы аясында пікірсайыс өтті.

Шараны Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушылар референдумдағы ең үлкен өзгерістерге тоқталды.

Журналистер Одағының мүшесі Арман Жайықбаев референдумдағы өзгеріс ретінде мажоритарлық сайлау жүйесін енгізу, журналист Даурен Махимов – суперпрезиденттік жүйеден арылу позициясын таңдады.

  • – Мажоритарлық жүйе алдағы референдумда енгізілетін ең үлкен өзгеріс болмақ. Өйткені парламенттік-президенттік басқару жүйесінде депутаттардың ең болмағанда 30% халықтың тікелей сайлауы арқылы Парламентке өтеді, – деген аргументтерді алға тартқан Арман Жайықбаевтың ойынша мажоритарлық жүйе халықтың сөзін билікке жеткізудің ең ұтымды жолы болмақ.

Журналист Даурен Махимов болса, суперпрезиденттік басқару жүйесінен арылмаса, басқа өзгерістердің барлығын жүзеге асыруға мүмкіндік аз екенін айтты. Суперпрезиденттік жүйеден арылу саяси құрылымға жаңа серпін, билікке тың өзгерістер әкелетініне сендірді.

  • – Бұл жүйеден арылу саяси партиялар арасындағы бәсекені кыздыра түсіреді, өйткені, президент ешбір саяси ұйым мүшесі болмайды. Екінші аргумент – ел тағдыры мен ұлт болашағын тек президент айқындамайды. Үшіншіден, билікті орталықсыздандыру процесі жүзеге асады, – деді өз кезегінде журналист Даурен Махимов.

Жалпы ойын қорытындысы бойынша 5:2 есебімен Даурен Махимов жеңіске жетіп, FUN TIME ауыспалы кубогын иеленді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com