FUN TIME: Атыраулық жастар референдумдағы ең үлкен өзгерістерді атады

Атырау қаласындағы Н. Тлендиев атындағы кіші өнер академиясында FUN TIME жобасы аясында пікірсайыс өтті.

Шараны Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушылар референдумдағы ең үлкен өзгерістерге тоқталды.

Журналистер Одағының мүшесі Арман Жайықбаев референдумдағы өзгеріс ретінде мажоритарлық сайлау жүйесін енгізу, журналист Даурен Махимов – суперпрезиденттік жүйеден арылу позициясын таңдады.

Журналист Даурен Махимов болса, суперпрезиденттік басқару жүйесінен арылмаса, басқа өзгерістердің барлығын жүзеге асыруға мүмкіндік аз екенін айтты. Суперпрезиденттік жүйеден арылу саяси құрылымға жаңа серпін, билікке тың өзгерістер әкелетініне сендірді.

Жалпы ойын қорытындысы бойынша 5:2 есебімен Даурен Махимов жеңіске жетіп, FUN TIME ауыспалы кубогын иеленді.

Exit mobile version