Хаскиді қорлықпен атып өлтірген видео желіде тарап кетті

«27 қаңтарда шамамен сағат 22:00-де Жаңаөзеннің полиция бөліміне Теңге ауылында құтырған иттің шабуыл жасағаны туралы хабар түскен. Үй қожайынының айтуынша, жануар қорадағы бірнеше қойға шабуылдаған. Үй иесінің сөзінше, ол итті тыныштандыра алмаған соң танысын шақырған. Екеуі бірігіп ашулы жануарды қашаға қамаған. Олар полицияның келуін күтпей аңшылыққа арналған мылтықпен үш рет атқан», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. «Процестік шешім қабылданды. Одан бөлек, полиция жеке тұлғаланың азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, оны алып жүруіне қосымша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша, қару иесінің барлық рұқсаты бар, сақтау шарттары бар», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Exit mobile version