Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Кімдердің жалақысы 400 мың теңгеге өскені айтылды

1439378341 wage increases

Қазақстан білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.  

“Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. БҒМ-ге бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі”, – деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Exit mobile version