Қазақстанда

Күйеуінің шөп салғанын құрбысының баласындағы мең арқылы білген

@Haileymae93 лақап атымен танымал тиктокер күйеуінің опасыздығы туралы қалай білгені туралы айтып берді.

Көп балалы ананың айтуынша, ол өзінің ең жақын құрбысының баласындағы меңді көріп, жұбайының оған адалболмағанын анықтаған, деп хабарлайды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Блогер жақын құрбысы босанар кезінде оның қасында болғанын айтады. Ол әйелді ауруханаға алып келіп, толғағы басталған кезде қасында бірге болып, қолдаған.

«Бұл керемет тәжірибе болды. Мұны ешқашан ұмытпаймын. Сәбидің дүниеге келгеніне қатты қуаныштымын», – деп бөлісті әйел әсерімен. 

Бірнеше күннен кейін блогер құрбысының жаңа туған қызының жөргегін ауыстырар кезде сәбидің денесіндегі қалды көрген. 

«Біздің балаларымызда да осындай мең бар. Сол себепті оны көргенде күйеуімнің баланың әкесі екенін түсіндім», — деп түсіндірді әйел. 

Нәтижесінде әйелдің құрбысы оның күйеуімен болғанын мойындайды. Бірақ ер адам бірнеше айдан кейін ғана шындықты айтады. Видео авторының айтуынша, ол ақырында жұбайымен ажырасқан. Бірақ құрбысымен қарым-қатынасын үзбепті. Өйткені оның қызы – балаларының бауыры. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button