Қазақстанда

КҮНБАҒЫС МАЙЫ АЯҚ АСТЫНАН ҚЫМБАТТАП КЕТТІ…

Қымбатшылыққа майлы дақылдардың бітік шықпауы себеп. Өткен жылы өнімдер толық сатылмағандықтан, қазір былтырдан қалған майлар сәйкесінше қымбатқа өткізілуде. Осыған дейін сұйық майлардың 58 мың тоннасы экспортталған.

Мамандар егер экспортқа шектеу болмаса, бағаның да тұрақталатынын және биыл май өндріруші компаниялар 23% артық өнім шығарғанын хабарлады.

“Бағаның өсуі әлемдік сұраныстың өсуінен туындаған. Еліміздегі өнімге Өзбекстан мен Қытайдан сұраныс жоғары және экспортқа енді жіберілетін болады. Биыл өз алқабымыз бен Ресей, Украина елдерінде күнбағыс дақылдары көп өсірілді” – дейді май-тоңмай одағының президенті Константин Невзоров

Литрі шамамен 836 теңгеге жеткен ең қымбат күнбағыс майы Атырау қаласында. Ең арзан өсімдік майы 664 теңгеге Петропавл қаласында сатылып жатыр. Алматыда да өнім бағасы 10%-ға, басқа түрдегі майлар құны 30%-ға көтерілген. Қарағандыда бағаның шарықтағаны сонша бірден 56%-ға 350 теңге тұратын май 600 теңгеге жеткен. Қазір литрінің бағасы 900 теңгеден асып кеткен.

Ас әзірлеудегі негізгі ингриденттердің бірі болып табылатын өнімнің қымбаттауы қоғамдық тамақтану орындарындағы мәзір бағасына да тікелей әсер етуде. Аспаздар адамдар түскі асын үнемді түрде алуға тырысқанымен, қымбатшылық кесірінен жалақының көп бөлігінің азық-түлікке кететінін жасырмайды.

Ал шетелден тасымалданатын майдың көлемі 12 пайызға азайған. Биыл жиналған дақылдар зауыттарға жетсе, сұйық майдың бағасы бір ай көлемінде 10 пайызға дейін төмендейді деген болжам бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button