Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Мәсімовты қамау мерзімі ұзартылды

blawaca8zvto5rgj1fwt

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, “А” арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.

Ал ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.

“ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда” depti ҰҚК.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Кәрім Мәсімов рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс “өте құпия” деп танылды. Дегенмен ҰҚК-нің тергеу тобы күдіктілерді тексеру жұмыстары жалғасатынын айтты.

Exit mobile version