МАҢЫЗДЫ! Қазақстанда кредит кешіріле ме?

Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға несиелік амнистия берілетіні туралы ақпарат тарады.

Мұны естіген халық ұлттық банк бөлімшелерінің алдына жиналып өтініш бермек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде несиесі бар азаматтарға амнистия берілетіні, бұл үшін Ұлттық банктің өз аймағындағы бөлімшесіне барып, өтініш жазуы керектігі айтылған.

«Қарызыңыз болса, тез арада өтініш бере аласыз. 15-іне дейін ғана өтініш беруге мүмкіндік береді, осы мерзімге дейін өтініш беріп үлгеріңіз. Несиелер бүкіл Қазақстан бойынша алынып жатыр. Бұл төлем уақыты өтіп кеткен, несиелерге де қатысты», – делінген ақпаратта. 

Осылайша белгісіз біреу халықты Көктем-3 шағын ауданында орналасқан ғимаратқа келуге шақырды. Ұлттық банктің бас кеңсесі бұрын осында болған, ол 2020 жылдың жазында Нұр-Сұлтанға көшірілген болатын.

Ғимарат алдында ұзын кезек пайда болған. Алайда ақпарат жалған болып шықты. Ұлттық банк ғимаратының алдында қалың жұртшылық байқалды. Халық несиелерінен құтылу үшін кезекте тұрғандарын мәлімдеді. Сол жерге тұрғандардың бірі видео түсіріп, несие жабуға тұрған кезекті көрсеткен. 

Алайда ақпарат жалған болып шықты. 

Exit mobile version