Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Оқушыларға ЛГБТ өкілдерінің құқықтары туралы айтыла ма?

2b6febe5515460f5e14cd159af1f7194 xl 1

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы айтылатыны және бір жынысты адамдар тәрбиелеп отырған балаларды мысалға келтіретіні туралы хабарлама таратуда. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

Өскеменде мектептердің бірінде осындай сабақтар өткен екен. Бұл туралы Желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.

ҚР БҒМ хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, хабарламаға ешқандай негізі жоқ екені анықталды.

– 8-сынып оқушысы ата-анасының әлеуметтік желілердегі орыс тілі сабақтарын өткізу туралы хабарламасы бойынша ШҚО білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оқу материалының мазмұны оқытылатын «Отбасы: құқықтары мен міндеттері» бөліміне сәйкес іріктелді. Орыс тілінен осы сабақтың мазмұнына ЛГБТ қауымдастықтары өкілдерінің құқықтары кірмейді. Ата-ана ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген ведомство жауабында.

Қазақстандық ата-аналар мектеп бағдарламасында жоқ өзгерістерді бұған дейін де талқылаған. Біз оқушыларға сабақта бір жынысты махаббат пен жезөкшелік туралы, сондай-ақ Қазақстан «вакцинация, цифрландыру және жыныстық ағарту сынақтарына арналған полигон» болып табылатыны туралы фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Қазақстан – вакцинациялау, цифрландыру және жыныстық ағартуды сынақтан өткізуге арналған полигон»

Exit mobile version