«ОРАЛМАН» ЕМЕС, «ҚАНДАС» ДЕЙТІН БОЛАМЫЗ

   «Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасындағы «оралмандар» деп аталып жүрген тұрғындарымызбен жұмыс істейміз. Оларды біздің қоғамызға бейімдеп, жақын тарту үшін «қандастар» деп атауды ұсынамын дегенін қолдаймыз. Соған байланысты тиісті өзгерту енгізілді. Сөйтіп, бір кездері ойдан шығарылып, жағымсыз атауға айналған «оралман» сөзінің орнына алдағы уақытта «қандас» атауы қолданылады», – depti Кәрібай  Мұсырман

Оның айтуынша, қандастарымызға елімізде тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде тапсыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Еңбек мигранттарын маусымдық жұмысшыларға теңестіру арқылы оларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысқа тартуына рұқсат етіледі екен.

Депутаттар ешқандай құжаты жоқ шетелдік азаматтарды елден шығаруға мүмкіндік беретін «жол жүру» құжатын енгізуді ұсынды. Соттардың шешімімен елден шығуы тиіс жүздеген шетелдік ешқандай жарамды құжатының болмауына байланысты Қазақстан аумағынан шығарылмай, полицияның қабылдау-бөлу орындарында мемлекеттік бюджет есебінен тегін тұрып жатыр, depti –  ол.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді

Exit mobile version