Қазақстанда

Қала маңынан үш адамның мәйіті бар көлік табылды

Алматы облысы Үштөбе қаласының маңынан үш адамның мәйіті бар көлік табылды.

Машина батпаққа түсіп кеткен, ал қаза тапқан адамдарға бұған дейін іздеу жарияланған болатын. Бұл туралы Еxpress Qazaqstan мәлім етті.

Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғыны бүгін, 15 қараша күні полицияға барып, әке-шешесі мен қарындасының жоғалғаны туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, жақындары 14 қараша күні үйге оралуы керек еді, алайда, олардан еш хабар болмаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, дәл бүгін Талдықорған-Үштөбе трассасында жол шетіне аударылып, батпаққа түскен Skoda Superb маркалы көлік табылған.

  • Алдын ала болжам бойынша, 60 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, соның салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші де, 47 жастағы әйелі мен 19 жасар қызы қаза тапқан, — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button