Қала шетінен ер адамның мүрдесі табылды

Қала шетінен денесінен зорлық-зомбылық белгісі бар ер адамның мәйіті табылды. Ол бірге ішімдік ішкен таныстарының қолынан қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің дерегінше, өңірде биылғы 5 айда кісі қолынан 11 адам көз жұмған. Осы істер бойынша 26 күдікті анықталды. Олардың жартысы – жұмыссыздар, бұрын сотты болғандар мен масаң күйде өз әрекетіне жауап бере алмағандар. Оқиғаның көбі қоғамдық орындарда болған.

Облыстық прокуратура тарапынан жүргізілген талдау-зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың басты себебі анықталды. Бұл қылмыстың басым көпшілігі отбасындағы дау, кикілжің, түсінбеушілік, жұмыссыздық, ішімдікке салыну, бір-біріне ауыр сөз айту, ар-намысын қорлау секілді жағдайлардан туындаған.

«Қала тұрғыны спирттік ішімдікке салынып кеткен әкесін іздеп полицияға хабарлаған. Тергеп-тексеру барысында қала шетінен әкесінің зорлық-зомбылық белгісі бар мәйіті табылды. Бұл оқиғаға қатысты әкесінің бөтелкелес таныстары ұсталды. Олар қылмыстық әрекетін жасыру үшін мүрдені қала шетіне апарып көміп тастаған» depti Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Exit mobile version