Қазақстанда

Қарағандылықтар қарды сатуға шығарған

 Қарағандылықтар биыл ерекше қалың жауған қардан тез құтылуыдң жолын ойлап тапты. Олар оны жарнама сайттарында сатылымға шығарып қойған.

«Қардың сапасы жоғары. Бағасы 1 текше метріне – 500 теңге. Алдын ала төлем болса жеткізу тегін,» – депті «ауадан ақша жасаушылар».

Сатушылар Теміртау, Абай, Сарань қалаларының тұрғындары екен.

Қарағанды облысы полция Департаментінде «егер мекеме немесе жеке тұрғын үй ауласында қар тазаланбаса, үйдің иесіне немесе жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынатындығы» ескертілген. Ал көпқабатты үйлердің айналасы үшін ПИК-тер жауапты.

«Жеке тұрғын үйде тұратындар қар тазалайтын көлікті өз ақшасына жалдауы тиіс. Егер оның қаржысы болмай немесе қалтасы көтермесе, құқық қорғау органдарына жүгінуге болады,» – депті Департамент өкілдері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button