ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА МАҢЫЗДЫ ҮНДЕУ ЖОЛДАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды, – деп хабарлайды Depti.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», – depti Берік Уәли.

Exit mobile version