Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

1506922233 cb346af7006876ad0e210afbc56985ba

Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президентінің биылңы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды»,-делінген хабарламада.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

«Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,-деп хабарлады ҚР СІМ.

Exit mobile version