Қазақстан үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізіміне толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі «Спутник Қазақстанға» сілтеме жасап.
Сонымен, тізім 11-1 тармақпен толықтырылды:
«Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым».
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.