Қазақстанда жұмысқа орналасу тәртібі өзгерді

Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезінде тапсыратын қағаз анықтамалардан босатады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдегендей, елде қажетті құжаттарды жұмыс берушіге қашықтықтан жіберетін жаңа қызмет түрі сынақтан өткізілуде. 

«Азаматтарға да, кәсіпке де қатысты процестер бар. Атап айтсақ, жұмысқа қабылдау. Халыққа анықтамалар бірнеше рет беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Себебі, бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, психонаркобақылау анықтамасын, мекенжайды растауды талап етеді. Қазір біз сол қағаз анықтамадан құтқаратын қызметті сынақтан өткізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, сол арқылы адамдар анықтамаларды тасып жүруден құтылады», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, жаңа сервис жұмыс берушіге жаңа қызметкерге қажетті анықтамаларды өз бетінше сұратуға мүмкіндік береді.

«Жұмыс беруші ЖСН енгізеді, қандай ақпарат сұрағысы келетінін таңдайды. Екінші тұлғаға бұл деректерді жұмыс берушіге электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS сұрақпен келеді. Егер ол «Ок» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни, жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында анықтама тасып жүру тоқтатылады», — деді министр.

Exit mobile version