Қазақстан және «Ақсу» командасының ойыншысы Айбол Әбікен допингке байланысты футболдан үш жылға шеттетілді.
Ұлттар Лигасының ойыны аясында Молдовамен болған ойынға дейін алынған сынама оң болып шықты. Арада біраз уақыт өткен соң тапсырылатын В сынамасы да оң болып, ойыншы алдағы үш жыл бойы ресми ойындарда алаңға шығу құқығынан айрылды.
Осымен допингке байланысты Қазақстан құрамасының үшінші ойыншысы футболдан шеттетіліп отыр. Алдымен Бауыржан Исламхан 2019 жылы 2 жылға шеттетілсе, 2020 жылы Руслан Валиуллин алаңға шығу құқығынан айырылған еді.