QazVac вакцинасы халал сертификатын алды

by Depti
1 views

QazVac вакцинасын білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген болатын.

QazVac вакцинасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алды.

3 тамызда Бас муфти орынбасары, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына “Халал Даму” ЖШС сертификатын табыс етті, деп жазылған Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты сайтында.

Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС. Вакцина халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды.

Бұдан бұрын “QMDB Halal” стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында мүфтият өкілдері институтта болып, “OtarBioPharm” биофармацевтикалық зауыт жағдайында вакцина өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

Сертификат алуға зертхана меңгерушілері белсенді атсалысқан.

QazVac вакцинасын білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген болатын.

Sputnik.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com