Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

2015122209423023874 20070731 dscf9232

Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.

“Сағат 21.41-де Брусиловский көшесіндегі құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді” depti ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен (“Адам өлтіру”) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version