Түркістан облысында бұрынғы күйеуінен қызғанған ер адам өз әйелін атып тастаған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Сайттың мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.
Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапты. Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан.
Енді 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалып отыр.
Соттың үкімімен қылмыскер қатаң режимдегі колонияда 18 жыл өмірін өткізетін болды.