Қазақстанда

«Референдум жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды қадам болды»

Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті.

Бұл туралы әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Зарема Шаукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, қоғамның талаптары президенттік саяси реформаларлың төрт пакетінде ескеріліп, іске асырылды. Осы тұрғыда маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкін болды. Бұл өз кезегінде қоғамда өзара жауапкершілік пен сенімнің жаңа саяси мәдениетін құрудың бастауы болды. Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Осы орайда суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартып, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтуге екпін қойылып отыр. Мемлекет басшысы аталған стратегиялық қадамды нақты іске асыру үшін Президент өкілеттігіне қатысты бастамаларды ұсынды. Сонымен қатар, биліктің өкілді тармақтарын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия жүйесін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, дауыс беру процесін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру мен азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, бірінші кезектегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды қамту ескерілді. Бұл бастамаларды іске асыру бағытында Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізу керек болды. Бұл ретте осы өзгерістердің ауқымдылығын айтуға болады. «Қазіргі кезде ұсынылған түзетулер қоғамда кеңінен талқыланған болатын. Осы тұрғыда Президенттің ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына референдум өткізу туралы шешімі ерекше маңызды деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан шешуші қадам. Осы орайда бүкіл саяси жүйені қайта жаңғырту, оның құқықтық негізін құру дегенді білдіреді», – деді З. Шаукенова. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button