Қазақстанда

САТЫЛАТЫН МЕДМАСКА САНЫ ШЕКТЕЛМЕК

Қазақстанда бір қолға сатылатын медициналық маска санына шектеу енгізу әзірленуде дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Ең бастысы, біз бір қолға сатылатын медициналық маска санын шектейтін боламыз. Яғни, маскалар болу үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Мен жақын арада жағдай дұрысталады деп ойлаймын. Бір қолға 10 маска деп ойлаймын», – деді Біртанов дүйсенбіде үкімет кулуарында. Бұл ретте ол атап өткендей, «ол маскалар уақытша ғана сақтайды».«Оларды барлық жағдайға мол қылып сақтап алу мүмкін емес. Қорғанудың басқа да тәсілдері бар» – depti  министр.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 наурыздан бастап Қазақстан Азия елдерімен әуе рейстерін уақытша шектейді, Әзірбайжанмен әуе рейстерін қысқартады және ҚР-ға Иран азаматтарының келуіне тыйым салады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button