Қазақстанда

ШЕТЕЛДЕ ҚАШЫП ЖҮРГЕН БҰРЫНҒЫ ӘКІМ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛМАҚ

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытайға халықаралық іздеу жарияланды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

«Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент Қылмыстық кодексінің 189–бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету»), 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытайға халықаралық іздеу салды», – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қайсар Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды.

Іздестіру халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Грузияның құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Қазақстан ІІМ Интерполдың ұлттық орталық бюросымен бірлесіп жүргізілді. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады. Олардың көпшілігі елден тыс жерлерде жасырынып жүр», – деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қайсар Сарытай 2019 жылдың сәуір айында Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

«Спутник Қазақстан»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button