ШҰҒЫЛ: Қазақстанда 3 желтоқсанда шектеу шаралары енгізіледі

Қазақстан коронавирустың жаңа штаммы анықталған елдермен әуе қатынасын тоқтатады.

Бұл жөнінде Stan.kz мәлім етті. Қазақстан коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай 3 желтоқсаннан шектеу іс-шараларын күшейтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

«Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды, – деді бірінші вице-министр.

Осыған орай, вице-министрдің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беріп, ал әкімдіктер оларды емхана деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Exit mobile version