Қазақстанда

Шұғыл: ҚАЗАҚСТАНДА ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

11 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше облысына қатысты дауылды ескерту жарияланды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай жарқылайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел тұрады, қарқыны – 15-20 м / с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда найзағай болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м / с.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м / с болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, күн бұзылады деп күтіледі. Күндіз жел батыстан соқса, түнде бағытын өзгертіп, шығыстан тұрады, қарқыны – 15-20 м / с.

Петропавлда күндіз батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында солтүстіктен тұрған желдің екпіні 15-20 м / с құрайды.

Оралда солтүстіктен жел соғады, екпіні – 18 м / с.

11-13 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 11-13 қыркүйекте күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел тұрып, оңтүстік-батыста, облыстың батысында қарқыны 15-20 м / с болады деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

«zakon.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button