Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Танымал әншілер қатысқан тойға қатысты түсініктеме берілді (+ВИДЕО)

ngegegegegegeege

Карантин кезінде тойда ән салған бірқатар әншіге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов брифинг кезінде мәлімдеді.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=24&v=IN-aaPLRWCk&feature=emb_logo

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше әншінің тойда ән айтып, тілек айтқан видеосы тараған еді. Ол жерде әншілер қауымы тойдың сәуірге жақын уақытта өткізіліп жатқанын айтады.

Әншілер қатарында Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова және басқа да өнерпаздар бар.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов видеоның қай уақытта түсірілгені зерттеліп жатқанын айтты.

“Видео зерттеліп жатыр, содан кейін материалға құқықтық баға беріледі. Егер ереже бұзушылық анықталса, осы кезеңде болғаны анықталса, қатысқан адамның барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері карантин шараларын бұзушы 3 мыңнан астам адамға 200 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жыл басынан бері 13 500-ден астам нысан тексерілді, 1 573 ереже бұзушылық анықталды. Карантинді бұзғандарға қатысты 3018 хаттама толтырылды, айыппұлдың жалпы сомасы 202 миллион теңгеден асады.

Айта кетейік, мониторингтік топтардың құрамына жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді, олар басқа да заң бұзушылықтар үшін хаттамалар толтыруға құқылы.

Мониторинг топтары демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді.

Байғабыловтың айтуынша, карантин шараларын бұзу фактілері қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде жиі тіркеледі.

“Sputnik Қазақстан”

Exit mobile version