Тапа-тал түсте зағип адамды тонап кетті (+видео)

Таразда зағип ер адамның ұялы телефонын тартып алған күдікті видеоға түсіп қалды. 

Тараз қалалық полиция жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол «Облыс орталығындағы саябақтардың бірінен белгісіз адам ұялы телефонымды ұрлап кетті» depti.

Күдікті орындықта отырған азаматтың зағип екенін байқап, қолынан құны 67 000 теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткен.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті тез арада ұсталды. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Заттай дәлелдер иесіне қайтарылды.

https://depti.kz/wp-content/uploads/2022/06/videoplayback.mp4

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша соталды тергеу басталды.

Exit mobile version