Қазақстанда

Түйреуіш жұтып қойған сәби көз жұмды

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қараша күні болды. Биыл мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған.

Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button