Түркістан тұрғыны қалыңдығын қызғаныштан атып өлтірді.
Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті. Қайғылы оқиға 10 қаңтарда Түркістандағы Ақбастау көшесінде тіркелген. 40 жастағы Сәкен есімді азамат қазір күдікті ретінде қамауға алынған. Қалыңдығын “көзіме шөп салып жүр” деп күдіктенген азамат жанжал кезінде оны аңшы мылтығымен атып жберген. Қазір кінәсін толық мойындады.
Бұған дейін ол әйелін де өзге біреумен кездесіп жүр деп кумәнданып, пышақтап өлтірген екен. 2016 жылы түрмеге отырып, 2021 жылдың соңында босап шыққан. Енді міне тағы да адам өтіргені үшін сотталмақ.