Site icon Ақпараттық-танымдық портал

«Тұлпар» сауда үйінде не болып жатыр?

2021 09 01 podgar

Елордалық «Тұлпар» сауда үйіндегі өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

«Бүгін сағат 7.36-да «102» арнасына «Тұлпар» сауда үйінде өрт шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Жақын маңдағы Тараз және Уәлиханов, Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі көшелер қоршалды. Елорда тұрғындары мен қонақтарын аталған учаскеге барудан бас тартуларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.

Өрт орнына арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.

Келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін құрамында әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығы бар жедел штаб құрылды.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы полицияға хабарлама түскен жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», деп қорытындылады ПД.

Еске сала кетсек, таңертең елордадағы ірі сауда үйінен өрт шықты. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 19 техника мен 71 адам жұмылдырылды.

Exit mobile version