Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ТҰРСЫНБАЕВА ТОҚАЕВҚА ӨЛЕҢ ШЫҒАРҒАН БА?

screenshot 20220317 200514 com.android.chrome

Президент Жолдауынан шабыттанған Айнұр Тұрсынбаева 2 сағаттың ішінде өлең жазып, желідегі парақшасында жариялады.

“Қайран да менің Абайым!
Киелі алтын сарайым!
Сұп-суық аты Семей боп
Өскемен жаққа өгей боп…
Жетімсіреп көрдіңдер,
Қиындықтың да талайын..
Өлгеніңді тірілтіп,
Өшкеніңді жандырды
Қасымжомарт ағайым..
Ардақты жаңа атауың,
Құтты болсын ағайын..!

Алашты Алла қолдашы..!
Еліме қатал болмашы!
Қазақтың жансын жұлдызы
Бүтін боп туы, таңбасы..
Мықты болып тұр бәрінен..
Жетісуымның олжасы..
Қонаевпенен басталды,
қуаныштардың ең басы!
Сарыарқаға да бет алды,
Жеңістің жүйрік жорғасы..
Қайырлы болсын Ұлытау,
Ұлтымның ұлы Ордасы!

Науқас балаларға садақа жинап жүргенде 300 миллионды 3 күнде жинап берген оқырмандарыма “Халқымыз үшін енді керемет сүйіншілер келеді, осынша садақаның қайыры ерекше болады” деп айтып едім ғой. Лайым, тек сүйінші сұрап қуанып жүрейікші.

Қуанышымыз ұзағынан болсын. Бір-бірімзге көмектесіп, садақа салып жүрейік. Сонда бәрі жақсы болады”, – деп жазба қалдырды Тұрсынбаева.

Exit mobile version