Үй салуға 110 мың жер учаскесі кімдерге берілетіні айтылды

2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын пәтер саны көбейетін болды. Осы шарада «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың пәтер берілетінін айтты.

Exit mobile version