ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Вахтада жасайтын жігіттің дауысы Энрике Иглесиастан асып түсті (+ВИДЕО)

Танымал поп-әнші Энрике Иглесиастың орындауындағы «Ring my bells» әнін айтқан қазақ жігіті Медет Өтегенов желіде хит болды.

Ол ағылшынша әнді ерекше орындап шыққан, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жас жігіттің видеосы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда Медет белгілі әнші Энрике Иглесиастың дауысын айнытпай салады және оның «Ring my bells» әнін нақышына келтіріп орындап шығады.

Бірақ видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

Ал желі қолданушылары «Қазақтың Иглесиасы», «Талант бар, таныс жоқ», «Мынандай дауыспен сахнаға шығу керек», «Қанша тыңдасам да жалықпаймын», «Керемет», «Жарайсың» деп түрлі пікір қалдырған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button