Ақмола облысында 14 жасар бала бензиннен уланып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады, depti ҚазАқпарат.
Ведомство мәліметінше, бұл туралы 8 маусым күні 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан. Медицина қызметкерінің айтуынша, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын “бензиннен улану” диагнозымен қабылдау бөліміне жеткізілген. Жасөспірімнің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.