АТЫРАУДАСАРАПТАМА

20.02.2020. АТЫРАУДА «СӘТТІ КҮНДЕ» 6 ЖҰП НЕКЕ ҚИДЫ

Ағымдағы жылдың ақпан айы әдемі күнтізбелік күндерге толы. Атап айтсақ, айдың басында өткен 02.02.2020, бүгінгі 20.02.2020 және алдағы 22.02.2020. Қазақстандықтар арасында да арнайылап осындай күндері некесін қидыратындардың саны мол. Ерекше күндердің адам тағдырына ықпалы туралы нумерологтар не дейді?

Елімізде неке қию үшін қалаған күнінен бір ай бұырн eGov порталы арқылы өтініш қалдырады. 2020 жылдың 2 ақпаны жексенбіге сәйкес келгеннен кейін ол күні ешкім неке қию туралы куәлікті ала алмады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының көрсеткен деректеріне сенсек, 20 ақпан күні неке қию туралы куәлікті алуға eGov порталына еліміз бойынша 255 өтініш келіп түскен. «Атырау қаласы бойынша бүгін 6 жұп некеге отырды»,- депті Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің азаматтық хал актілерінің тіркеу секторының меңгерушісі Алмагүл Төремұратова.

Нумеролог Виктория Данның айтуынша, «неке қию күнін жұбайлардың туған күндеріне қарап белгілен абзалырақ».

«Күнтізбедегі күнді тергеп немесе көлігі мен ұялы телефонына арнайы «крутой номерлер» алатындар бар да, ондайға мән бермейтіндер де бар. Адам сандарға қаншалық көңіл бөлсе, ол соншалық әсер етеді. Егер махаббатпен құрылған неке болса Құдайдың кез-келген күні құтты болады. Ал егер арада түсіністік болмаса ешқандай «сандардың сиқыры» көмектеспейді» deptі нумеролог ханым.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button