АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

   Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық Сотының төрағасы болып Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы тағайындалды.

  Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.

 Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарып, 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау облысы Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет етті.

d4830e14 9d96 4eb6 b5ef 9b45c404de78

      2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратында және 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жұмыс істеді.

 Ал бұған дейін Атырау облыстық Сот төрағасы болған Марғұлан  Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына басқа қызметке ауысты.

d4b7db6c 09a7 4db9 99d4 cb6e5655a9b9

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button