Атырау полицейлері облыс аумағында жыл басынан 57 993 жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтады ( 2019жылы 91 970). Оның 38 000-нан облыс орталығы Атырау қаласында анықталған, – depti Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар жың арасында:
- көлік құралдарын мас күйінде басқарған – 467 жүргізуші (оның 308-і облыс орталығында),
– ұялы телефонды пайдаланған – 2285,
– жылдамдықты арттырған – 17 483, - жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығу – 203,
- жаяу жүргіншіні жібермеген – 547,
- қауіпсіздік белдігін тақпағандар мен жолаушы тасымалдау ережелерін сақтамағандар – 5063.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілермен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қатысты – 4261 бұзушылықтар анықталған