Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНЫНДА БІР АПТАДА 2 АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІ ТАТУЛАСУМЕН АЯҚТАЛДЫ

hammer 719066 1920 1 1370x850 1

  Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында наурыз айының басында жол-көлік оқиғасының салдарынан келген шығынды өндіру  және тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт бойынша берешекті өндіру туралы 2 азаматтық іс қаралды.

Бұл туралы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған 2 азаматтық істің татуласу келісімінің шарттары бойынша талап қоюшылар қойған талаптарынан бас тартқан, ал жауапкерлер талап сомасын шартта көрсетілген мерзімге дейін төлеуге міндеттелген.

Сот ұйғарымымен 2 азаматтық іс бойынша татуласу келісімдері бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Exit mobile version