АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ САХНАСЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ ТЕАТР «ҒАБИТ» ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ

Ақпан айының 19-ы күні Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры актерлерінің сахналауымен «Ғабит» спектаклі қойылды. Алматылық өнер ұжымының қойылымын тамашалауға жиналған кісі қарасы көп болды. Пьеса авторы -жергілікті драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев болса, қоюшы-режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Ғабиттің рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахман Омар сомдады.
Оқиға желісі негізінен арыстарымызға жала жабылған XX-ғасырдың 30-ыншы жылдарын қамтиды. Басты кейіпкер ретінде алынған Ғабит Мүсіреповтен бөлек Алаш қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәкен Сейфуллиндердің образдары көрсетілген.
«Драматургтің соңғы туындыларының бірі – қазақ зиялыларының қилы тағдыры мен заңғар жазушы Мүсіреповтің өмірінен сыр шертетін «Ғабит» драмасының дайындық кезеңінде автордың өмірден озуы – театрымыз үшін жаңа туындыға деген жауапкершілікті еселей түсті.
Осы орайда, театрымыздың ұжымы «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қоры» жеке қорының шақыртуымен, Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен, мұнайлы өлкенің басты мәдениет ошағында жазушының «аманатындай болған туындыны» сахналадық»,- depti Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшылары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button